Елорда • 06 Қыркүйек, 2021

Елордада Тұран даңғылындағы Bus Lane уақытша алынады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алынады, деп хабарлайды Egemen.kz  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Тұран даңғылындағы Bus Lane уақытша алынады

Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі.

Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелердің өткізу қабілетін жақсарту үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады.

Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі Ш.Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау болып саналады.

Айта кету керек, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін «Хан Шатыр» СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады.