Спорт • 03 Қыркүйек, 2021

12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 жасар атыраулық шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп жазады Egemen.kz.

12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан әлем кубогы өткізілді.

«Әлем кубогына Tornelo.com платформасы арқылы іріктелген жас шахматшылар қатысты. Соның бірі - атыраулық Зарина Нұрғалиева. Спорт шеберлігіне үміткер санатын иеленген шахматшы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста қола жүлдеге ие болды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Әр санаттағы үздік үш қатысушы ФИДЕ-нің жүлде қоры 30 000 еуроны құрайтын 2021 жылғы онлайн кубогы үшін өтетін суперфиналға қатысуға үміткер болады.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10