Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

Қырғызстандағы парламент сайлауына 13 партия өтініш берді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның саяси партиялары биыл 28 қарашада өтетін Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға ниеті туралы өтінімдер әлі түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстандағы парламент сайлауына 13 партия өтініш берді

Қырғызстан Республикасы Жогорку кенеш депутаттарын сайлауына қатысу туралы өтініш 13 партиядан келіп түскен. Олардың арасында «Социал-демократтар», «Ишеним» «Қырғызстан бірлігі саяси партиясы», «Альянс», «Қырғызстанның жасылдар партиясы» сынды партиялар бар. Сайлауға қатысуға өтініштер 3 қыркүйекке дейін қабылданбақ.