Әлем • 01 Қыркүйек, 2021

«Талибан» жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» қозғалысының ресми өкілі жаңадан құрылған үкіметтегі жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талибан» жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

Бұл туралы The Khaama Press басылымы мәлімдеді.

Қозғалыс өкілінің айтуынша, министрлер кабинетін құруға арналған арнайы кеңес аяқталған, нәтижесі жақын арада жарияланады.

Басылым мәліметінше, Ауғанстанның сыртқы істер министрі болып «Талибан» саяси қанатының жетекшісі молда Абдул Ғани Барадар тағайындалған. Сондай-ақ, елдің Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметін қозғалыс жетекшісі молда Омардың ұлы молда Якуб атқарады. Ішкі істер министрі (ІІМ) Халиф Хаккани, аға басшылардың бірі Джалалуддин Хакканидің ұлы болды.

Сондай-ақ, тәліптер Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзайды және бейбіт келіссөздердің бұрынғы қатысушысы Абдулла Абдулланы өтпелі кезеңде Ауғанстанды басқаратын 12 адамнан тұратын кеңеске қосқан.

Агенттік мәліметі бойынша, жақын арада Ауғанстан үкіметінің толық құрамы жарияланады.

«Үкімет келесі бірнеше күнде құрылады. Біз процесті 90-95 пайызға аяқтадық жақында нәтижесін жариялаймыз», деді «Талибан» өкілдерінің бірі Анас Хаккани.