Әлем • 31 Тамыз, 2021

Түркияда індет өршіп тұр

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцинаның қарқынды жүруіне қарамастан Түркияда індет өршіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда індет өршіп тұр

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Telegram каналында хабарлады.

Түркия күшейтілген вакцинация аясында COVID-19 жағдайларының ең жоғары деңгейіне жетті. Тұрғындардың 77%-дан астамы вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал 59%-ы толығымен егілді. Осыған қарамастан вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары мен ауру салдарынан көз жұмғандар саны өсуде. Өткен аптада індетке шалдыққандардың күнделікті өсімі 20 мың жағдайға жетті, ал өлім саны 250-ден асты. Бұл Түркиядағы коронавирустың үшінші толқынының ең жоғары көрсеткіштері.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жансақтау бөліміне жатқызуға дейін алып келетін бұл вирус вакцина алмаған азаматтар арасында кең таралуда.

Грузиялық мектеп оқушылары коронавирустың таралу қарқыны төмендеген жағдайда және мұғалімдердің көпшілігі COVID-19 вирусына қарсы вакцинациядан өткен кезде ғана мектепке орала алады.

Білім министрі Тамар Габуния мектептерде күндізгі оқу басымдыққа ие екенін атап өтті, сонымен қатар ДДҰ күндізгі оқуға тыйым салуды соңғы кезекте енгізуді ұсынады. Грузияда оқу жылы 1 қыркүйекте емес, 15 қыркүйекте басталады.

«Егер эпидемиологиялық жағдай қауіпсіз мектеп ортасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде тұрақталмаса, әрине, бұл тұрғыда оң шешім қабылдау мүмкін емес, вакцинация мәртебесі де маңызды», деді Габуния.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30