Президент • 27 Тамыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Байденге көңіл айтты

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джо Байденге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байденге көңіл айтты

Мемлекет басшысы бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мен Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Қазақстан халқының атынан Президент Джо Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын. Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе тасымалын тиісті деңгейде аяқтайды деп сенемін. Қазақстан бұрынғыдай терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті», деді Тоқаев.