Қазақстан • 23 Тамыз, 2021

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда айдап әкетуге жиі ұшырайтын автокөліктер аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады?

«Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus маркалы автокөліктер айдап әкетуге жиі ұшырайды», деді брифингте криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Биыл мұндай қылмыстардың ашылуы 74,3%-ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,7%-ға артық.

ДП басшысы автокөлік сатудағы алаяқтықтың ең көп таралған схемаларын атады.

«Ең көп таралған схемалар - автокөлікті несиеге сатып алу, лизинг немесе жалдау. Мысалы, зиянкестер Ресейден автокөлік алады, бірінші айда лизинг немесе несие төлейді, содан кейін көлікті Қазақстанға айдап апарады. Мұнда оны сатып, республикамыздың азаматтарына рәсімдейді. Лизингті немесе несиені төлеуді тоқтатқаннан кейін лизингтік компания бұл машинаны іздей бастайды, бірақ таба алмайды. Содан, автокөлік іздеуге жарияланды. Осындай схеманы қылмыскерлер жалға беру арқылы да қолданады», деді Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз суының құпиясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Найзағай қалай пайда болады?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Өсімдіктер де есте сақтайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Сүтемген салған соқпақпен

Байқау • Бүгін, 08:10

Алып кимешек

Аймақтар • Бүгін, 08:00