Әлем • 21 Тамыз, 2021

Грекия Түркиямен арадағы шекараға қорған орнатты

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия Ауғанстандағы ахуалға байланысты мигранттардың жаңа толқынынан қауіптеніп, Түркиямен арадағы шекараға 40 шақырымдық қорған орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекия Түркиямен арадағы шекараға қорған орнатты

Сонымен қатар бақылау жүйесін күшейтті. Билік тәліптер билігінен Еуропаға ағылған босқындар көбейеді деп болжайды. Себебі 2015-ші жылы Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Грекия ірі миграциялық дағдарысты бастан кешкен. Ол кезде миллионнан аса адам Сириядағы соғыстан қашып Түркия арқылы кәрі құрлыққа ағылған еді. Сол уақытта 60 мыңға жуық мигрант грек жеріне қоныстанып қалған.


«Ауғанстандағы дағдарысқа байланысты мигранттардың жаңа толқыны пайда болатыны анық. Еуропалық Одақ шеңберінде осыған байланысты түрлі шешім қабылданып жатыр. Бірақ біз де алдын ала қамданып, тиісті шараларды қабылдауымыз қажет», деді Грекия азаматтарын қорғау министрі Михалис Хрисохоиди.




Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше