Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінді. «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Математика мұғалімдерін даярлау» және «Құқық» бағыттары сұранысқа ие болды.
Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жоо-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.
Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.