Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында бос тұрған көпқабатты тұрғын үй ғимараты өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жедел басқару орталығына Тараз қаласы, Қапал көшесінің 4-ші бұрылысында орналасқан бос тұрған ғимараттың өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жедел жетті.

«Бірінші бөлімше өрт болған аймаққа шұғыл жетті. Өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер 46 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және келтірілген материалдық залалы анықталуда», делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ТЖД облыс және қала тұрғындарынан балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.