Аймақтар • 19 Тамыз, 2021

Балқашта жылу желісіне қатысты мәселе шешілді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаштағы Қоңырат шағын ауданында орталық жылу желісіне құбыр тартылды, деп хабарлайды  Egemen.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Балқашта жылу желісіне қатысты мәселе шешілді

Айта кетейік, аталған ауданда ұзақ жылдар бойы тұрғын үйлер қазандықтың көмегімен жылытылып келген. Тұрғындар болса пәтерлеріндегі температураның төмендігіне шағымданған. 

Жаңа жылу магистралі 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша салына бастады. Балқаш жылу электр орталығынан Қоңыратқа дейін 17 шақырым жылу құбыры тартылды. Жобаны іске асыру Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тұрақты бақылауында болды. Жақын арада желі қысыммен тексеріліп, қыркүйек айына дейін нысан пайдалануға беріледі. Жобаны іске асыру кезінде жобаны басқару әдістері мен құралдары ескерілді.

Орталық жылуға тұрғын үйлер, әлеуметтік сала және бизнес нысандары қосылатын болады. Сонымен қатар Қоңыратта ұзындығы 8,3 шақырым болатын орамішілік жылу желілері салынуда. Бұл жобаларды іске асыру шағынауданның 3 мыңға жуық тұрғынын сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.