Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

БҚО-да интернет-алаяқтықтың 34 фактісі анықталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың 34 фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО-да интернет-алаяқтықтың 34 фактісі анықталды

«Anti-Fraud» жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағында ақпараттандыру және байланыс саласында 48 құқық бұзушылық анықталды.

ҚР ҚК-нің 190 – бабы «интернет-алаяқтық» бойынша – 34 факті, ҚР ҚК – нің 311-бабы «порнографиялық материалдарды тарату» бойынша - 8, 198-бабы «авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу» бойынша - 1, 188-бабы 2-бөлігі «ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы ұрлық» бойынша - 4 факті тіркелді. Сондай-ақ 399-бап «ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз сатып алу немесе пайдалану» бойынша - 1 факт анықталды.

Қалалық полиция бөліміне ұялы телефонды ұрлау фактісі бойынша Орал қаласының тұрғыны арыз жазды. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері ұялы телефонды еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткен Орал тұрғынын ұстады. Ол ұялы банкинг арқылы парольді біліп алып, 577 мың теңгені өз картасына аударған.

Күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.