Спорт • 15 Тамыз, 2021

Дүниежүзілік шаңғы жарысы өтпейтін болды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қыркүйек айына жоспарланған Дүниежүзілік шаңғы жарысы өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Халықаралық тау шаңғысы курортының менеджері Дизин Садек Калхор IRNA агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Дүниежүзілік шаңғы жарысы өтпейтін болды

Жарысқа  Австрия, Италия, Чехия және Словакиядан 20 спортшы, сондай-ақ Иранның 21 спортшысы тіркелген болатын. Алайда пандемия мен мутацияланған «дельта» штаммы спортшылардың жоспарын өзгертті.

Айта кетейік, Иран билігі коронавирусқа қарсы 30 миллион доза вакцина сатып алады. Президент Ибрахим Раиси елде инфекцияның өршуіне байланысты Үкімет пен үкіметтік емес секторларға, ұйымдарға, саясаткерлерге және бүкіл Иран халқына вируспен күресу үшін бірлесіп әрекет ету керек екенін айтты.

Раисидің айтуынша,  коронавирустың таралуын 60 миллион доза вакцина салу арқылы бақылауға алуға болады.