Экология • 15 Тамыз, 2021

Каспий теңізінде тормен балық аулауға тыйым салынады

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің Қазақтанға қарайтын аумағында тормен балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінде тормен балық аулауға тыйым салынады

Атырау облысы Балық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен 17 тамыздан бастап Каспий теңізінде тормен балық аулауға тыйым салынады.

Басқарма басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, қазір балық аулау үшін арнайы тор қолданатындар көп. Бұл жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе, ерекше қорғалатын бекіре балығы мен итбалықтың көбеюіне теріс әсерін тигізеді.

«Атырау облысының акваториясында су кеңістігін пайдалану ережесі (Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға 50 шақырым, 3 метр тереңдікке дейін) толық сақталмайды. Жанар-жағармай мен уақытты үнемдеу үшін немесе тиісті материалдық-техникалық базаның жоқтығынан балықшылар ережеде көрсетілгендей, Жайық өзенінің сағасынан 50 шақырым қашықта жүрмейді. Олар тікелей тыйым салынған аймақта тор құрады. Нәтижесінде, торға уылдырық шашуға немесе қыстау үшін өзенге келетін балықтар түседі. Соның салдарынан соңғы жылдары Жайық өзеніне қоныс аударатын жартылай өтпелі балық саны айтарлықтай азайып отыр», дейді басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.