Коронавирус • 12 Тамыз, 2021

Дәрігер коронавирустың балалар ағзасына қалай әсер ететінін айтты

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева коронавирустың балалар ағзасына ұзақ уақыттан соң әсер ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Дәрігер коронавирустың балалар ағзасына қалай әсер ететінін айтты

«Қазір балалардың коронавирусты жеңіл қабылдайтыны анықталды, бірақ 6-12 айдан кейін көпшілігінде постковидті синдром пайда болады. Ол кез келген органға әсер етеді әрі өте ауыр өтеді. Сондықтан ата-аналар барынша сақ болуы керек», дейді Ф.Ағыбаева.

Маман жас науқастарда ауруды диагностикалаудың қиындығы туралы айтты.

«Көбінесе сырқаттанған балалардың қанында вирус жұқтырғанын көрсететін М иммуноглобулинін таппаймыз.  Ал біраз уақыттан кейін ағзада қорғаныш денелері пайда болады, бұл әдетте коронавирустан жазылған кезде болатын құбылыс», деп атап өтті дәрігер.

Оның айтуынша, коронавирустың «дельта» штамы вакцина алмаған жастар арасына көбірек таралып жатыр. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы - 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар. Бір жасқа дейінгі және созылмалы патологиясы бар балалар да жиі ауыра бастаған.

«Коронавирус балаларға ата-анасынан жұғуы мүмкін. Сондықтан балалардың қоғамдық орындарға баруын шектеу керек. Оларды өзіңізбен дүкенге апармаңыз және қоғамдық көлікпен сирек жүріңіз. Қазір коронавирусқа қарсы вакцина алу маңызды, бұл балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру үшін керек», дейді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше