
Көрнекті тұлғаға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті. «Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады», делінген хабарламада.