Елорда • 11 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 7 мекеме жауапқа тартылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамызда Нұр-Сұлтан мониторинг топтары 7 кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары сақталмағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 7 мекеме жауапқа тартылды

Есіл ауданында орналасқан «Chechil pub» барында жұмыс режимі сақталмаған. Сарыарқа ауданындағы «Шашлыкофф» дәмханасында да карантин бұзылды.

Алматы ауданында карантин шектеулерін бұзғандар тізіміне 5 мекеме енді. Олар: «Сұлтан MIX» кафесі, «Алас» саунасы, «ХЗ» бары, Әлиев көшесіндегі СПА-салон және «Какие люди» бары.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

«Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар санының өсуі жалғасуда, күн сайын КВИ жұқтырудың 1200 жаңа жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады», деп жазады қала әкімдігі ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше