Қоғам • 11 Тамыз, 2021

Табысы төмен азаматтарға субсидия беріле ме?

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған «Табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу» туралы ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табысы төмен азаматтарға субсидия беріле ме?

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін жеткізді.