Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Қостанай облысында екі жастағы бала құдыққа құлап кетті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында екі жастағы бала тереңдігі сегіз метр болатын су құдығына құлады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында екі жастағы бала құдыққа құлап кетті

Фото: ТЖМ

Оқиға 10 тамыз күні Қостанай облысының Садчиковка ауылында сағат 17.25-те болған. Құтқарушылар сағат 17.54-те келген кезде бала есін біліп жатқан.

«Құтқарушылар мән-жайды бағалағаннан кейін, балаға зиян келтірмей, құдыққа параллель шұңқыр қазуды бастады. Ол 3,5 метр тереңдікте болды. Құтқарушылар баланы құдықтан сағат 19.20-да шығарып, медициналық көмек көрсету тобына тапсырды», деді Талғат Уәли.

Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 9 қызметкері мен 2 техника жұмыс істеді. Ауыл тұрғындары да көмекке келді.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025