Өнер • 06 Тамыз, 2021

Орталық Азия мәдени диалог форумы құрылады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық Азия Мемлекет басшыларының Консультативтік кездесу барысында жасаған Бірлескен мәлімдемесінде жазылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия мәдени диалог форумы құрылады

Фото: Султан Досалиев

«Тараптар Орталық Азияны мекендейтін халықтардың мүддесі үшін және БҰҰ жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы рухында мәдениетаралық диалогты дамытуға, алуан түрлі мәдениеттер мен ұлтаралық толеранттылықты сақтауға және көтермелеуге, этносаясатты, өңірдің материалдық және материалдық емес мәдени және табиғи мұрасын зерделеу мен қорғау саласында ынтымақтасуға және өзара қолдау көрсетуге, әдеби байланыстарды жетілдіруге, халықаралық фестивальдар, форумдар мен конкурстар өткізуге, музыка, театр, бейнелеу және қолөнері, кинематография, телерадио хабарларын тарату, мұрағат, мұражай мен кітапхана ісі саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге және азаматтар, ең алдымен жастар арасындағы тікелей байланыстар мен туристік алмасуларды дамытуға келісті.

Осы бағыттағы өзара іс-қимылға жүйелі және тұрақты сипат беру мақсатында Тараптар «Орталық Азия: ортақ тарих және ортақ болашақ» атты мәдени-гуманитарлық алмасудың бірыңғай платформасы ретінде Орталық Азия мәдени диалог форумын құруға уағдаласты», деп жазылған мәлімдемеде.