Коронавирус • 06 Тамыз, 2021

Елордаға «Спутник V» вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан астанасына Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын вакцинаның жаңа партиясын жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды фармацевтикалық кешеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордаға «Спутник V» вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы СК-Фармация қоймасына Ресейдің Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы коронавирус инфекциясына қарсы әзірлеген Гам-КОВИД-Вак немесе «Спутник V» препаратының 39 231 құтысы жөнелтілген.

Елорда тұрғындарын вакциналау үшін коронавирусқа қарсы препараттың I компонентінің 135 040 дозасы және II компонентінің 61 115 дозасы жеткізілді.