
Бұған дейін әлем чемпионатының қола медалін иеленген қандасымыз Олимпиаданың екінші айналымында жапон балуанымен күресіп, төрешілер болмашы ұпаймен жеңісті жапондыққа беріп жіберген еді. Бұйырған кетпес деген осы шығар. Өз кезегінде жапондық балуан финалға шығып, Уәлихан қола медаль үшін «жұбаныш» белдесуіне мүмкіндік алды. Сол мүмкіндігін мүлт жібермеген Уәлихан әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері, украиналық Ленур Темировтен басым түсіп, көздеген мақсатына жетті.