Аймақтар • 03 Тамыз, 2021

Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында орын алған.

«Бүгін, 3 тамызда «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты. «ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат емханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:27