Әлем • 29 Шілде, 2021

Жерге алып астероид жақындап келеді - NASA

745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

NASA 2019 YM6 астероиды 31 шілде күні Жердің жанынан ұшып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Star сайтына сілтеме жасап.

Жерге алып астероид жақындап келеді - NASA

NASA мәліметтері бойынша, ғарыштық дененің диаметрі 100-ден 230 метрге дейін жетеді. Оның жылдамдығы - сағатына 48 500 шақырым.  

Алайда одан біздің ғаламшарға дейінгі арақашықтық 6,87 миллион шақырымды құрайды. NASA астероидтың мөлшері мен Жерге дейінгі қашықтығы ескере отырып, планетамызға қауіп төндірмейтінін хабарлаған.