 
                                        Көл жасанды. 1965 жылы Шаған өзенінің жағасындағы жойқын жарылыстың салдарынан пайда болған. Сынақ жүргізгендер халыққа ауылшаруашылық мақсатында көл жасаймыз деп жалған ақпарат берген.

Жарылыс қуаты Жапонияның Хиросимасына тасталған атом бомбасынан 9 есе көп деседі.

Дүмпудің қатты болғаны сондай, тонна тартатын тастарды 8-9 шақырымға дейін ұшырған.

Біз радиция бар-ау деп үрейленіп барсақ, балықшылар Атом көлге қармақ салып жүр.

Әсіресе сазан көп деседі. Көлдің диаметрі 500 метр, тереңдігі 90 метр.
 
                                                    
                                                 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                