Білім • 22 Шілде, 2021

Атыраудағы университетте РhD докторантура ашылды

7810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті отандық мұнай-газ өнеркәсібіне білікті мамандар даярлаумен шектелмейді. Енді мұнда РhD докторантура ашылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы университетте РhD докторантура ашылды

Ректор Гүлзада Шакуликованың айтуынша, университетке «Инженерия және инженерлік іс», «Өндірістік және өңдеу салалары» мамандығына білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беріліп отыр.

«РhD докторларды даярлау университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы базасында іске асады. Біздің университетте білім алған PhD докторанттары диссертациялық зерттеу жұмысын дайындау үшін Польша, Франция, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ секілді шетелдердегі жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қазір білім беру экожүйесінде мұнай-химия инженериясы және экология институтындағы зерттеу бейініндегі 15 зертхана, «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен салынып жатқан оқу-өндірістік алаңы бар. Мұнда біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар жер қойнауын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі барлық жұмысты жүзеге асыра алады», дейді университеттің басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

Сондай-ақ аталған оқу орнында жұмыс берушілер мен еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес, жаңа оқу жылында бұрын болмаған бағдарламалар іске қосылғалы отыр. Соның қатарында «Машина жасау технологиясы», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Мұнай маркетингі және мұнай тасымалдау» мамандықтары бар. Ал, «Автоматтандыру және басқару», «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бағытында магистратура бағдарламасы ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше