Аймақтар • 08 Шілде, 2021

Қостанай облысында орман өртенді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында шөп өртеніп, жалын орманға тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында орман өртенді

8 шілде күні сағат 10:40 шамасында Қостанай облысының «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында жалын шығып, қарағай мен қайың үгінділері өртенді. Өртке өрт қауіптілігінің 5-ші төтенше класы берілді. Өрттің алдын-ала аумағы шамамен 300 гектарды құрады.

«Ыстық ауа-райы, жалын мен қатты жел өрттің таралуына ықпал етіп, өрт сөндіру жұмыстарын біршама қиындатады. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге барлығы 305 адам мен 35 бірлік техника, ТЖД, Жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, ҚР ІІМ Академиясының, Қостанай ауданының полиция бөлімінің курсанттары жұмылдырылды», деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, әуе барлауы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025