Аймақтар • 08 Шілде, 2021

Қостанай облысында 227 шақырым жол жөнделеді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзындығы 227 шақырым жолды қалыпқа келтіруге және көше жолдарындағы 264 учаскеге «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 11,6 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында 227 шақырым жол жөнделеді

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 1,1 миллиард теңге қарастырылған. Ал облыс бюджетінен бөлінген 6,5 миллиард теңге 218 жобаны жүзеге асыруға жұмсалады.

«Жарты жыл ішінде көлік инфрақұрылымын реттеуге бөлінген қаражаттың 5,3 миллиард теңгесі игерілді. Бұл жылдық жоспар 28%-ға орындалды деген сөз. Осы жылдың қорытындысы бойынша, жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі өткен жылғыдан асып, 78%-ға жетеді. Бұл көрсеткіштен біздің өңір ел бойынша 9-шы орында», деп түсіндірді Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев.

Тобыл-Торғай аймағындағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 7 750 шақырым, бұл жөнінде өңір республикада екінші орында тұр.

Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, қазір облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жоспарланған 17 жобаның 15-і басталып, екеуіне мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша биыл 50 жоба қолға алынған. Қазір 18 учаскеде жөндеу жұмыстары басталып кеткен, ал қалған 32 жобаға мердігерлер таңдалып жатыр.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 211 учаскеде жөндеу жұмыстары басталынып, тағы жеті нысанға конкурс жарияланған.