Өнер • 08 Шілде, 2021

Қазақстанда фантастика жанрындағы сериал түсіріліп жатыр

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шым-шытырық оқиғаларға толы туынды француз кино мамандарының қолынан шықпақ. «Инфинити» деген атаумен жарық көретін бұл сериал Франция, Украина мен Қазақстанда түсіріліп жатыр, деп хабарлады Egemen.kz.

Қазақстанда фантастика жанрындағы сериал түсіріліп жатыр

Сериалда ғарышкерлердің Байқоңыр айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына дейінгі саяхаты көрсетіледі.

Туындыда басты рөлді қазақстандық актер Данияр Алшынов сомдайды. Оның кейіпкері Исаак Тұрғын есімді қазақстандық полицей. Одан бөлек сериалдағы қосалқы рөлдерге Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова және француз актерлері түсіп жатыр. Алты сериядан тұратын фантастикалық туындының тұсаукесері 2022 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарланған. Сериал алдымен француз тілінде жарыққа шықса, кейін қазақ және басқа да тілдерге аударылады.

«Сериалдың желісі Байқоңырда өтеді. Қазақ полицейі ғарыш айлағында ғарышкердің мүрдесін тауып алады. Осы қылмысты ашу жолында сан түрлі шытырман оқиғаларды бастан өткереді. Фантастикалық жанрдағы сериал көрермендердің көңілінен шығады деп сенемін», деді режиссер Тьерри Пуаро.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025