Спорт • 07 Шілде, 2021

Қазақстандық спортшы «Tennis Europe» жарысында жеңіске жетті

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Анкарада өткен «Tennis Europe» сериясының жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы «Tennis Europe» жарысында жеңіске жетті

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жас қазақстандық Даниэль Тазабеков Анкарада 14 жасқа дейінгі екінші санатты «Tennis Europe» жарысының жеңімпазы атанды.

Финалда біздің спортшы жарыстың үшінші ракеткасы Әли Садиді 6:0, 6:2 есебімен жеңді. 

«Бұл мен үшін өте маңызды. Мен мансабымдағы алғашқы жалғыз титулды жеңіп алдым. Бұған дейін сәтсіз аяқталған екі финал болды. Мен жарысқа қатысып, нәтижесінде жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Әрине, мен үшін бұл есте қаларлық оқиға», деп қуанышымен бөлісті Тазабеков.

Бұған дейін қазақстандық Зара Дәркен Парижде өткен жасөспірімдер арасындағы теннис турнирінде жеңіске жеткен болатын.