Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Еліміздегі егу бекеттеріне бейнебақылау орнатыла бастады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш болып Шымкенттегі егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі егу бекеттеріне бейнебақылау орнатыла бастады

Басқарма басшысының сөзінше, вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қалада 45 егу бекеті жұмыс істеуде. Одан бөлек 25 жылжымалы егу бекеттері бар.

«Шымкент қаласы бойынша бүгінде I компонентпен 291 074 адамға, ІІ компонентпен 175 775 адамға вакцинациялау жасалды. Халық арасында вакцинациялау жұмыстары туралы түрлі қауесеттер тарауда. Жұмыстарды басты назарға алып, бақылауды одан әрі күшейту үшін егу бекеттеріне камералар орнатылды», деді Б. Позилов.

Айта кетейік, тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қосымша дайындалған стационарларда науқастарды қабылдау жұмыстары басталып кетті. Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше