Әлем • 07 Шілде, 2021

ДДСҰ басшысы: Әлемде пандемияның қауіпті кезеңі басталды

4370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясының өте қауіпті кезеңі басталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ басшысы: Әлемде пандемияның қауіпті кезеңі басталды

Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге арналған құралдары бар, яғни ең алдымен вакциналары бар мемлекеттер, шектеулерді жеңілдетіп жатыр.

«Осы уақытта тиімді құралдары жоқ елдер ауруханаға түсу жағдайлары мен өлім толқынына тап болды. Жағдайды вирустың жаңа штамдары күрделендіріп отыр», деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - елдер арасында тест, вакцина, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тең бөлу. 

«Бұл зымыран құрастыру да, қайырымдылық та емес. Бұл жалпыға ортақ мүддеге жауап беретін қоғамдық денсаулықты саналы сақтау», деді ол.

Ұйым басшысы жағдай жақсаратынына үміт бар екенін айтты. Ол үшін вакциналарды тарататын COVAX бағдарламасы бар екенін және осы бағытта күш-жігерді арттыруға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше