Әлем • 07 Шілде, 2021

Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері табылды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар Камчаткада Ан-26 ұшақ апаты кезінде қаза болғандардың денелерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері табылды

«Дәл қазіргі уақытта қайтыс болғандардың денесі судан шығарылып жатыр. Олардың саны бойынша жағдай жылдам өзгеріп жатыр. Алдын ала пікір білдіру қиын», деді аймақ басшысы Владимир Солодов.

Солодов оқиға орнында сот-медициналық сарапшылары жұмыс істеп жатқандығын қосып өтті.

«Олар шешімдерді процедураларға байланысты қабылдайды. Ауа райы мүмкіндік берсе, оқиға орнына Петропавлдан Тергеу комитеті тергеу басқармасының сот-медициналық сараптамасы ұшып шығады. Мүрделерді тасымалдау бойынша жұмысты толық көлемде ұйымдастырамыз: қажеттілік туындаса, мүрделерді Петропавл немесе Паланаға жеткізу қолға алынады», деді Солодов.

Еске сала кетейік, 6 шілде күні Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше