Қазақстан • 06 Шілде, 2021

Эфиопияда қазақ мәдениеті мен шығармашылық кеші өтті

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсарин, Дина Нұрпейісованың мерейтойына орайластырылған қазақ мәдениеті мен шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эфиопияда қазақ мәдениеті мен шығармашылық кеші өтті

Іс-шараға Аддис-Абебада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ ҚР Елшілігінің ұжымы қатысты.

Мәдениет кеші өскелең ұрпақтың қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлы тарихи тұлғалар және олардың қазақ мәдениетін, атап айтқанда әдебиет, поэзия және халық музыкасын дамытуға қосқан зор үлесі туралы білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара барысында Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаевтың, сондай-ақ қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған басқа да көрнекті тұлғалардың әдеби және музыкалық шығармалары орындалды.

Мәдени кеш қонақтарына елшілікте Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына арналған, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің даму қарқынын суреттейтін фотокөрме ұсынылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше