Қазақстан • 06 Шілде, 2021

Қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі Африкада насихатталады

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері Африкада танытылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі Африкада насихатталады

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Конго Демократиялық Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Енді түбі бір түркі елдерінің тарихын Африка құрлығы танитын болды.

Конгоның Мәдениет, өнер және мирас министрі Кэтрин Катунгу Фурахтың айтуынша, бұл құжат мәдениет, өнер және академиялық зерттеулер саласында ортақ жұмыс атқарып, жақындасуға мүмкіндік береді.

«Түркі халықтарының мұраларымен танысатынымызға қуаныштымын», деді ол.

Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов халықаралық түркі мәдениеті ынтымақастығы ұйымының жобаларына африкалық өнерпаздар мен ғалымдардың мүше ретінде қатысатынына қуанышты екенін жеткізді.

Сапар барысында ТҮРКСОЙ ұйымы алғашқы шара ретінде Юнус Эмренің көрмесін өткізді.

ТҮРКСОЙ делегациясының сапары Эфиопия астанасы Аддис-Абеба қаласында жалғасты. Түркі мемлекеттері елшілерінің қатысуымен жиын өтіп, ТҮРКСОЙ-Африка Одағы арасында іскерлік байланыс  орнату мәселесі  қарастырылып, жан-жақты қолдау тапты. Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай  Садықов та бұл бастаманың жемісті  болатынына  сенім білдірді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше