Қазақстан • 06 Шілде, 2021

Қырымбек Көшербаев: Оливер Стоунның таңдауы Орталық Азия елдерінен Елбасыға түсті

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Орталық коммуникациялар қызметінде «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Алтын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің көрсетілім алдындағы таныстырылымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырымбек Көшербаев: Оливер Стоунның таңдауы Орталық Азия елдерінен Елбасыға түсті

Шарада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, фильмнің шығу тарихына тоқталды.

«Оливер Стуон мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсіпті», деді Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, ол Елбасының мұндай сүйекті туындысы қай жағынан да лайықты тұлға екенін атап өтті.

«Бұған байланысты мен бір-екі дүние айтайын. Бізде Ұлы далада, Қазақ елінде қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар. Ол – «Еліңде кімің бар» деп сұрақ қою. Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырағалы азаматтары қалыптастырған», деді Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше