Әлем • 05 Шілде, 2021

Каспийде болған жарылыстың себебі анықталды

1176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 шілдеде Каспий теңізінің Әзербайжандағы секторында қуатты жарылыс болып, қазіргі кезде өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспийде болған жарылыстың себебі анықталды

Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

«Бүгін таңертең елдің ТЖМ әуе жасағының тікұшақтары барлау ұшуларын өткізді. Нәтижесінде Сальян ауданы бағытына қарай жағалаудан шамамен 30 шақырым жердегі тасты аралда лайлы жанартаудың атқылау фактісі анықталды. Қазіргі кезде жанартау кратерінде аздаған өртегу байқалып отыр. Жанартау теңіздегі мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа нысандар, сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ», делінген Әзербайжан ТЖМ мәлімдемесінде.

Теңізде өрт жағдайының орын алуы себебін анықтау үшін оқиға орнына SOCAR (Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниялары) қызметкерлері аттанды. Шара қорытындылары бойынша, компанияның тікелей бақылауындағы теңіз платформалары мен өнеркәсіп нысандарында апат болмағанын және жұмыстың штаттық режимде өтіп жатқаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде жарылыс болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше