Әлем • 02 Шілде, 2021

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропада шектеулер жеңілдеуіне байланысты коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Клюгенің айтуынша, стадиондарда, сондай-ақ EURO-2020 ойындарын ұйымдастыратын қалалардағы пабтар мен барларда жиналған адамдар коронавирус жұқтырғандар санын көбейтеді. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны ең көп тіркелген он елдің төртеуі Еуропа аймағында орналасқан.

ДДСҰ мәліметі бойынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының 10 апталық төмендеуі жақын арада аяқталады және жанкүйерлер мен басқа адамдар мұқият болмаса, жаңа толқын басталуы мүмкін.

«Ақпанның басынан бері аймақта COVID-19 жұқтыру дерегі азайғанан кейін Орталық және Шығыс Еуропа мен Балқанда көрсеткіш қайта өскені байқалады. Әлі толық аяқталған жоқ», деп жазды Клюге Twitter-парақшасында.

Өз кезегінде Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер УЕФА Еуропа футболының басқарушы органының жанкүйерлерді жинауға рұқсат беруі туралы шешімін «толығымен жауапсыздық» деп атады.

«Стадиондарды ғана емес, халықтың оған қалай баратынын, автобустарда қалай отыратынын қадағалау керек. Дәл осы жағдайлар вирустың таралуын тудырады», деді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аға офицері Кэтрин Смоллвуд.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше