Қоғам • 25 Маусым, 2021

Астанада «Журналистер аллеясы» ашылады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі қарастырылған «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-те жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Журналистер аллеясы» ашылады

«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін. Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық», деді А.Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл бастама тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025