Оқиға • 22 Маусым, 2021

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жол апатында жүргізуші қаза тауып, жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:20-да Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді», дейді департаменттегілер. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.