Оқиға • 21 Маусым, 2021

Оралдағы төбелес адам өліміне әкеліп соқты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда басынан ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдағы төбелес адам өліміне әкеліп соқты

БҚО ПД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні Шолохов пен Циолковский көшелерінің қиылысында болды.

Бұрын бір-бірін танымайтын 20 және 46 жастағы азаматтар арасында кикілжің туындады. Салдарынан төбелес болып, 20 жастағы жігіт ұрған кезде ер адам жерге құлап, жабық бас-ми жарақатын алған.

46 жастағы ер адам есін жимастан, қалалық көпбейінді ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.