Әлем • 20 Маусым, 2021

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяси додаға 24 партия мен 1 саяси одақ қатысып жатыр, деп хабаралайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды

Сауалнамаға қарағанда бұрынғы үкімет басшысы Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» мен елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогының мүмкіндігі мол. Жалпы жергілікті заңға сай саяси партия парламентке өту үшін сайлаушылардың 5 процент дауысын, ал саяси блок 7 проценттік межені еңсеруі тиіс. Елде 2 жарым миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар.