Футбол • 17 Маусым, 2021

ERTIS футбол клубының директоры сотталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ERTIS футбол клубының директоры сотталды

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «ERTIS» футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітті.

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 млн астам теңгеге төленбеген салық түрінде залал келді. Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

Қылмыстық кодекстің 245-бабына сәйкес, бюджетке салық және өзге де төлемдерді өтеуден жалтарғандарға 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025