Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Атырауда тұрғын үй кешені өртеніп кетті

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 8 пәтерлік «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді. Пәтерін өрт шалған тұрғындар туыстарының баспанасын паналауға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда тұрғын үй кешені өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 13 маусымда кешкі сағат 22:19-да болған.

«Өрт сөндірушілер «Сарықамыс» шағын ауданындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешеніне барғанда төбе жабындысы мен 2-қабаты жанып жатты. Тұрғын үй кешенінен 21 адам, оның ішінде 10 бала өздігімен қауіпсіз жерге шыққан», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіру үшін төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 8 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «Ақ Берен» АҚ филиланынан 2 қызметкер, 1 техника, «НКОК» компаниясынан 4 қызметкер, 1 техника, СКЭБР-ден 4 қызметкер, 1 техника,  полиция департаментінен 7 қызметкер, 3 техника тартылды.  

Өрт сағат 00:43-те оқшауланып, сағат 00:57-де толықтай сөндірілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше