Оқиға • 14 Маусым, 2021

«Welcome to Burabai» жазуын қиратқандар ұсталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізуші Бурабайға кіреберісте орнатылған «Welcome to Burabai» жазуын қиратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Welcome to Burabai» жазуын қиратқандар ұсталды

Оқиға 13 маусымда кешке болған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Полиция мәліметі бойынша, көлік тізгінінде 35 жастағы ер адам болған.

«Skoda Superb маркалы автокөлік жүргізушісі тасжолдың 16-шы шақырымында дөңгелегінің атылып кетуіне байланысты рульге ие бола алмай қалған. Кейін жүргізуші «Welcome to Burabai» жазуына барып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», деді Ақмола облыстық полиция департаменті өкілі.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.