Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Алматыда тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Сәтпаев және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі

«12 маусымда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Бостандық ауданында Сәтпаев және Наурызбай батыр көшелері қиылысында шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі», деді «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері.

Тасжолдың астынан өтетін жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қозғалыс уақытша шектеледі.

Бұған дейін Алматыда Сүйінбай даңғылының учаскесі жол жұмыстарына байланысты уақытша жартылай жабылатыны хабарланған болатын.