Аймақтар • 09 Маусым, 2021

Атырауда автобус жүргізушілері екі күнде 200 рет ереже бұзған

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай шаһарда автобус жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережесін бұзу тоқтар емес. Соңғы екі күнде олардың 199 рет ереже бұзғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда автобус жүргізушілері екі күнде 200 рет ереже бұзған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мұндай дерек 7 маусымнан бері өткізіліп жатқан «Автобус»  іс-шарасы кезінде тіркелген.

«Бұл іс-шараның мақсаты – облыс аумағында жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау. Өйткені, жолда жүрі ережесін сақтамай, жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін жүргізушілер бар», дейді  облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері екі күнде 199 бұзушылықты анықтапты. Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын, маневр жасау ережелерін бұзу, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау, техникалық байқаудан өтпеу, рульде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану, жылдамдықты арттыру бар.

Ал, үш автобус айып тұрағына қойылды. Жол ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше