Елорда • 09 Маусым, 2021

Елордада бұқаралық іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 бойынша тұрақсыз жағдайға байланысты отбасылық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бұқаралық іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды

«Эпидемиялық анамнезде науқастардың 47,3%-ы адам көп жиналатын орындарға (қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар, сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары және т.б.) бірнеше рет барғанын атап өткен, науқастардың 0,8%-ы бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, кештер, еске алу, акциялар, ұтыс ойындары және т. б.) өткізуге қатысқан, ал 29,2%-ы үй жағдайында сақтық шараларын жасамағандықтан ауырып қалған.

Коронавирус инфекциясы бойынша тұрақсыз жағдайға байланысты отбасылық, естелік іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, акцияларды, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) және т. б. қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», деді С.Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттану көрсеткіші 210-нан 110-ға дейін төмендеді. Бір аптада СOVID-19 бойынша 1315 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 18%-ға төмен.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше