Қазақстан • 07 Маусым, 2021

Аида Балаева: Журналистикада оқитын студенттерді өндірістік процеске көбірек тарту керек

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Журналистика факультетінің студенттерін жұмыспен қамту жолдарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Журналистикада оқитын студенттерді өндірістік процеске көбірек тарту керек

«Журналистика факультетіне көбі арман қуып түсетінін ескерсек, бұл жан ауыртатын мәселе. Түлектердің жартысына жуығының жұмысқа орналаспауы бізді өте қатты мазалайды.

Бұл мәселе жоғары оқу орындарының басшылық құрамымен және отандық БАҚ-пен кездесулерде талай рет көтеріліп, талқыланды. Тәжірибе мен пікір алмасу қорытындысы бойынша студенттерді өндірістік процеске көбірек тартып, практикалық дағдыларын дамыту қажет деген тоқтамға келдік.

Медиа саланың мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспар аясында отандық БАҚ-та тәжірибе мен тағдылымдама ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталған жұмыс мемлекеттік БАҚ және жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүргізіледі.

Бұған қоса, жоғары оқу орындарымен бекітілген меморандум аясында студенттер арасында оларды келешекте жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіптік-бағдарлық жұмыс жүргізу қарастырылып отыр.

Біз тек осылай ғана түлектердің сұранысы мен ынта-ықыласын арттырамыз», деді министр.