Спорт • 07 Маусым, 2021

Хоккейден Канада құрамасы чемпион атанды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Канада құрамасы 27-мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден Канада құрамасы чемпион атанды

Финалда Финляндия мен Канада құрамалары кездесті. Ойынның 8-минутында финляндиядық хоккейші Микаэль Руохомаа мергендік көрсетсе, 24-минутта канадалық Макс Комтуа көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 45-минутта Петтери Линдбом Финляндия құрамасы тағы да алға шығарды. Канадалық Адам Хенрик 52-минутта таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Ойынның 66-минутында канадалық Ник Пол жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша Канада өзінің тарихында 27-мәрте алтыннан алқа тақты. Бұдан бұрын канадалық хоккейшілер мұндай атаққа 2016 жылы қол жеткізген еді.

Айта кетейік, бүгін үшінші орын үшін сайыста АҚШ құрамасы Германиядан 6:1 есебімен басым түсті.